Жарияланған күні: 27.02.2025 11:15
Өзгертілген күні: 27.02.2025 11:21

Қазақстандық астықтың Ресей арқылы транзиті: негізгі шарттар

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 17 қазанынан бастап Ресей Федерациясына қазақстандық астық өнімдерін (бидай, жасымық және зығыр майлы тұқымдары) әкелуге уақытша шектеулер енгізілгенін хабарлайды.

Ресей Федерациясының Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызметінің (Россельхознадзор) 2025 жылғы 15 ақпандағы ақпаратына сәйкес, қазақстандық тарап түпкілікті межелі елге тікелей фитосанитариялық сертификаттарды ресімдеу және теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдарына астық тиеу шартымен аталған өнімнің транзитіне енгізілген шектеулер қолданылмайды.

Аталған өнімнің үшінші елдерге транзиті тек Новороссийск және Санкт-Петербург қалаларының белгілі бір теңіз порттары арқылы ғана мүмкін, олардың инфрақұрылымы карантиндік зиянды организмдердің таралу қаупін болдырмайтын астықты кемеге тікелей тиеуге мүмкіндік береді.

Анықтамалық ақпаратты zemzer@fsyps.gov.ru электрондық поштасына сұрақ жіберу арқылы немесе Ішкі фитосанитариялық және жер қадағалау, астық сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміне Россельхознадзордың Орталық аппаратының келесі сілтемесі бойынша хабарласу арқылы алуға болады: https://fsvps.gov.ru/management-cat/centralnyj-apparat-rosselhoznadzo/.