Жарияланған күні: 18.01.2024 18:19
Өзгертілген күні: 18.01.2024 18:20

2024 ЖЫЛЫ МӘМС БЕЙРЕСМИ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН АЗАМАТТАР ҮШІН

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС жүйесіне екі жолмен қатыса алады:

* жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;

* жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.

 

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР

ЖК 1,4 еселенген ЕТЖ - дан 5% төлейді. 2024 жылы бұл: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.

Егер жеке кәсіпкер есептілікті "нөлмен" тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.

 

ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР

Дербес төлеушілер үшін жарналардың мөлшері мына формула бойынша есептеледі: 5% * 1 ЕТЖ = 4 250 теңге.

Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы бола алады, жарналарды дербес төлеуші ретінде келесі 12 айда бірден төлей алады. Бұл жағдайда әр ай үшін төлемді жеке-жеке жүргізу маңызды. Бұл жағдайда өткен айлардағы қарыз, егер бар болса, жойылады.