Жарияланған күні: 11.01.2024 17:48
Өзгертілген күні: 11.01.2024 17:49

Мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлер үшін қолайлы заңды тетіктер әзерлеген. Сонымен қатар, көлеңкеден шығып, заңды жұмыс жасауға көшуге дайын кәсіпкерлерге жәрдемдесуге дайын. Атап айтқанда, мынадай қызметтер көрсетілетін болады:



- фискалдық сүйемелдеу, кәсіпкерлерді тіркеудің алғашқы қадамдарынан бастап, біз қазірдің өзінде декларацияны толтыру бойынша функцияларды іске асырдық, оған салық сомаларын толтыруға және есептеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ;



- сервистік тәсіл, ҚҚС бойынша шекті деңгейге жеткендігі туралы, банктік қосымшадан салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мүмкіндігі туралы хабарлайтын сервистер әзірленді;



- бизнесті қолма-қол ақшасыз төлемдермен жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлерде салықтық тексерулердің болмауы.



Одан бөлек, Жаңа Салық кодексі шеңберінде кәсіпкерлер үшін ынталандыру шаралары көзделетін болады. ​