
ЕАЭО аумағында тауарларды өткізу кезінде тауарға ілеспе құжат ретінде ЭШФ қағаз көшірмесі
2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында тауарларды әкелу мен айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен және осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшерімен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерінің неғұрлым төмен мөлшері қолданылуы мүмкін тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген тауарларды әкетуге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 12 тамыздағы №5 шешімімен (бұдан әрі – ЕҮАК шешімі) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ның басқа елдерінің аумағына тізбедегі тауарларды өткізу кезінде тауарға ілеспе құжат ретінде мемлекеттік кірістер органы куәландырған Қазақстан Республикасының Ұлттық есепке алу жүйесінде тіркелген электрондық шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ) қағаз көшірмесі танылады.
ЭШФ қағаз көшірмесі Комитеттің аумақтық органының мөрімен куәландырылады, сондай-ақ мынадай құжаттардың бірімен қоса беріледі:
- ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша үшінші елдерден бұрын әкелінген тауарларды өткізу кезінде – Комитеттің аумақтық органының мөрімен куәландырылған кедендік декларацияның көшірмесі;
- егер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімінде өзгеше көзделмесе, 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау Қағидалары туралы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес берілген СТ – 1 нысанындағы тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасы – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өткізу кезінде;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген СТ – KZ нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы куәландырған оның көшірмесі – еркін экономикалық аймақ және еркін қоймалар аумақтарында өндірілген тауарларды өткізу кезінде;
– тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі жанама салықтарды алу тәртібі және тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға сәйкес (шартқа № 18 қосымша) – бұрын басқа мүше мемлекеттерден әкелінген тауарларды өткізу кезінде.
Тізбеге кіретін тауарларды өткізу кезінде ЭШФ-ның қағаз көшірмесі тауарға ілеспе құжат болып танылатынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қабылдаған міндеттемелері халықаралық шартпен шартталғанын және ұлттық заңнамамен өзгертілмейтінін назарға ала отырып, тізбеге кіретін тауарларды әкету кезінде ЭШФ жазу және жоғарыда көрсетілген құжаттардың бірін қоса бере отырып, мемлекеттік кірістер органында куәландыру бойынша міндеттеме туындайды.