
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттің әйел қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Джапарханұлы Қозбеков Департамент қызметкерлеріне құттықтау сөз сөйледі.
Департамент басшысы өз үндеуінде әйелдер Біздің қоғамда үлкен рөл атқаратынын, олардың еңбегі, табандылығы мен кәсібилігі өмірдің кез келген саласында табысқа жету үшін баға жетпес қасиеттер екенін атап өтті. Сондай-ақ, басшы біздің ұйымдағы әйелдер керемет мамандар ғана емес, сонымен қатар талантты көшбасшылар, дана тәлімгерлер және сенімді серіктестер екенін атап өтті.
Барлық әйел қызметкерлерге ел бюджетін толықтыруға жұмсаған еңбегі мен энергиясы үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ол әйелдерге зор денсаулық, барлық тілектердің орындалуын және жұмыста да, жеке өмірінде де жаңа жетістіктер тіледі.