
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер мен консалтингтік компаниялар үшін семинар өткізді
2023 жылғы 16 ақпанда Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Талдықорған қаласының салық төлеушілері мен консалтингтік компанияларына 01.01.2023 жылдан бастап салық заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша семинар өткізді.
Семинар аясында МКД қызметкерлері салық төлеушілерге камералдық бақылау, тексерулер жүргізу, БКМ қолдану, ҚҚС, ТІЖ, арнайы салық режимдері, мобильді қосымшалар бойынша негізгі өзгерістерді жеткізді. Семинар барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді, сондай-ақ салық жүктемесін азайту және салықтарды есептеуді жеңілдету бойынша Салық кодексіне енгізу үшін салық төлеушілердің ұсыныстары талқыланды.