Жарияланған күні: 18.01.2023 17:22
Өзгертілген күні: 18.01.2023 17:22

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша семинар өткізілді

 

18.01.2023 жылы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының мамандары Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының қызметкерлері үшін жалпыға бірдей декларациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы А. А. Әбілмажинов,  бас маман Л.Е. Оразбекова жалпыға бірдей декларациялауды жүргізудің ерекшеліктері туралы айтып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00) қалай толтыру керектігін түсіндірді. Аурухана қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берілді.

Семинарға Жетісу облысының барлық аудандарынан келген медициналық мекемелер ZOOM бейне конференциясы арқылы қосымша қосылды.