
БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
2023 жылғы 10 қаңтарда Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баяндамашы ретінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.С. Шайкенов сөз сөйледі.
Конференция барысында С.С. Шайкенов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне жан-жақты шолу жасады.
Журналистер қойған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.