
Кеден органдарының парасаттылығы туралы сауалнама
2022 жылғы 24 қазаннан бастап 20 қараша бойынша аралықта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы сауда жөніндегі халықаралық даму агенттігінің (USAID) бағдарламасының жәрдемдесуі кезінде, Қазақстан Республикасы кеден органдарының парасаттылығы туралы сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр.
Осы жұмыс шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (СЭҚҚ) және функцияларына кедендік әкімшілендіру кіретін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік сауалнама және сауал жүргізілетін болады.