Date of publication: 25.05.2026 15:25
Date of changing: 25.05.2026 15:26

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ ???

 

 

2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енді.

 

 Не өзгеруде?

Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда.

Енді қосымша талап енгізіледі:

 дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек.

 

 Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?

Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда:

• 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және

• жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса,

онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі.