Date of publication: 21.11.2023 18:07
Date of changing: 21.11.2023 18:08

Қағаз тасығыштағы ЭШФ, ТІЖ-ды ЭШФ АЖ енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.

2023 жылдың 17 қарашасында құжаттарды өңдеудің кешігуіне байланысты электронды шот - фактуралар немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар қағаз тасығышта ресімделген болса, келесі мерзімде ЭШФ АЖ еңгізу қажет:

- шот-актураларды 2023 жылдың 5 желтоқсанын қоса алғанда 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;

- тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды 2023 жылдың 23 қарашасын қоса алғанда 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде.

Сонымен бірге айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.