Date of publication: 03.05.2024 15:20
Date of changing: 03.05.2024 15:22

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметін қорытындылады.

 

 

Департамент басшысы Т. Козбековтың төрағалығымен өткен алқа отырысына Департаменттің басшы құрамы мен аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.

Отырыс барысында Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды.

Отырыста алқа "көлеңкелі" экономиканы төмендету және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру жөнінде кешенді шаралар қабылдау есебінен бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, берешекті төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша департамент басшысы Т. Козбеков алдағы міндеттерді анықтап, Департаменттің, аумақтық басқармалардың және кеден бекеттерінің қызметін жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.