
БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ
30.10.2025 жылы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ-тың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Г.Н. Сармурзинова Сандық шешімдермен камералдық бақылаудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.
Камералдық бақылау жүргізу тәртібі сақталған.
Хабарламаның атауы өзгертілді – камералдық бақылау қортындысы бойынша анықталған айырмашылық.
Сонымен қатар, хабарлама орындалмаған жағдайда электрондық шот фактура жазу құқы шектеледі.
- Бақылау бұзушылықтарды анықтаудан алшақтықтарды анықтауға қайта бағытталды.
- Камералдық бақылаудың мақсаты - салық төлеушіге (салық агентіне) салықтар мен бюджетке төлемдерді есептеу бойынша салық міндеттемелерін дербес түзету құқығын беру.
Жалпы алғанда, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау бағыты бойынша әкімшілендіру нәтижесінде сомасы 220 928,3 млн. теңгені құрайтын бұзушылық бойынша 12 021 хабарлама шығарды, бюджетке жалпы сомасы 4 216,1 млн. теңге мөлшерінде қосымша резервтердің түсімі қамтамасыз етілді.
Яғни, түсімдердің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 139% құрады.
Журналистер қойған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DQbItm_jO5G/




























